Қазақстандықтар электронды құжатпен дауыс бере алады

15 Қараша 2022, 07:31 1368

Қазір қазақстандықтардың арасында цифрлық құжатты қолдану үлкен сұранысқа ие

20 қарашада өтетін кезектен тыс ҚР Президенті сайлауында дауыс берушілер жеке куәліктің электронды нұсқасын қолдана алады, деп хабарлайды El.kz.

«Қазір қазақстандықтардың арасында цифрлық құжатты қолдану үлкен сұранысқа ие. Ол құжаттың түпнұсқасының аналогы. Сондықтан азаматтар сайлауда EGOV mobile, Kaspi және Halyk банкінің мобильді қосымшалары арқылы цифрлық куәлікті пайдалана алады. Яғни дауыс беруші жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық нұсқасын ұсынуға құқылы. Сайлау комиссиясының мүшелері сайлаушылар тізімдері негізінде электронды куәлікті ұсынған кезде сайлаушыға дауыс беруге арналған бюллетень беруге міндетті», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында.

Айта кетсек, бүгін сағат 18:00-де Президент сайлауына халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды.

EL.KZ
Бөлісу: