Қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды – Әлихан Смайылов

7 Қараша 2023, 11:13 917

Елімізде нан мен ұнға деген қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті астық жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында премьер-министр биыл еліміздің егіншілері үшін өте қиын жыл болғанын атап өтті.

Қолайсыз ауа райы диқанға да, техникаға да қолбайлау болды. Егін орағы ұзаққа созылып кетті. Элеваторларға түскен бидайдың 40%-ға жуығы ешқандай класқа жатпайды. Алайда, қазақстандықтар биыл наннан тарықпайды. Өткен жылдан қалған қорды ескеретін болсақ, жиналған өнім көлемі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті, — деді Әлихан Смайылов.

Смайылов отандық фермерлерге мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары көрсетілгенін еске салды.

Тағы да атап өткім келеді. Ішкі нарықта бидаймен проблема болмауы керек. Ұн және нан өнімдері Азық-түлік корпорациясы мен өңірлік тұрақтандыру қорларының резервтері арқылы қамтамасыз етілген, — деп атап өтті ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: