Қазақстан азаматтары Арменияға тек жеке куәлікпен бара алады. Дәл осындай тәртіп Армения азаматтарына да Қазақстанға келгенде қолданылады. Мәжіліс екі ел арасындағы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шекаралық бақылау кезінде қазақстандықтар жеке куәлігін, ал армяндар идентификациялық картасын ғана көрсетуі жеткілікті болады. Бұған дейін мұндай ереже тек Ресей мен Қырғызстанға сапарларда қолданылатын.
Бұл құжатты Мәжілістен кейін Сенат мақұлдап, кейін президенттің қол қоюына жіберіледі. Бұл процесс шамамен екі апта немесе одан да көп уақыт алуы мүмкін.
Айта кетейік, ЕАЭО елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Ресей, Армения) арасында сапарларға жеңілдетілген режим қарастырылған.