Қазақстандық жүзгіштер Азия ойындарында финалға жолдама алды

24 Қыркүйек 2023, 12:45 415

Қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин бүгін түнде 100 метрге еркін жүзуден финалда сынға түседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол қашықтықты 49,18-де бағындырып, екінші орын алды.

Сондай-ақ, 100 метрге брасс әдісімен жүзудің алғашқы кезеңінде 31,28 нәтиже көрсеткен Аделаида Пчелинцева да шешуші кезеңде бақ сынайды.

200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Диана Тасжанова жарысты аяқтады. Бастапқы кезеңде ол 2:16:34-те жүзіп, сегіз финалисттің қатарынан қалып қойды.

Асқар Таудай
Бөлісу: