Қазақстандық жұп биатл мен триатлдан Әлем чемпионатында алтын алды

28 Қазан 2022, 21:15 1880

Ұлттық құрама спортшылары аралас эстафетада қос жүлдеге қол жеткізді.

Португалияның Мадейро қаласында биатл мен триатлдан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Мұнда 9 бен 60-тан асқан 35 елдің 672 атлеті айдың аяғына дейін өзара шеберлік байқасады, деп хабарлайды El.kz kazsports.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Ұлттық құрама спортшылары аралас эстафетада қос жүлдеге қол жеткізді. Триатлдан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында қазақстандық Анель Исабаева мен Анатолий Голубь чемпион атанды. Қалған жүлдені литвалық жұптар өзара бөлісті. Сондай-ақ 17 жасқа дейінгі биатл сынында Юлиана Петрова мен Никита Дубицкий мәреге 2-болып келді. Жалпы әлем чемпионаты 31 қазанда мәресіне жетеді.

Айта кетейік, биатл мен триатл балаларды бессайысқа баулитын спорт түрі. Биатлда жүгіру мен суда жүзу болса, триатлда мұнда нысана көздеу қосылады. Нақтырақ айтсақ, әуелі 1600 метр жүгіріп, 200 метр суда жүзеді. Сосын тағы мәреге дейін 1600 метр жүгіреді. Триатлда 4 мәрте 600 метрге жүгіріп келіп, 5 рет нысана көздейді. Осыдан соң 50 метр суда жүзеді.

EL.KZ
Бөлісу: