20.03.2025
02:29
12288
Қазақстандық жұлдыздар көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Қазақстандық жұлдыздар көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Танымал өнер иелері жол қауіпсіздігін насихаттау үшін полициямен күш біріктірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды және үздік актер Дулыға Ақмолда, актер әрі тележүргізуші Қайрат Әділгерей, әнші Әли Оқапов және басқа да танымал жұлдыздар патрульдік полициямен бірлесіп, азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

Акция барысында Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Болатұлы мен оның орынбасары Ержан Сабитханұлы жолға шығып, жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.