08.12.2025
20:00
343
Қазақстандық жасөспірімдер Джиддадағы Азия чемпионатында жүлделі орындар иеленді

Қазақстандық жасөспірімдер Джиддадағы Азия чемпионатында жүлделі орындар иеленді

5–6 желтоқсанда Сауд Арабиясының Корольдігіне қарасты Джидда қаласында U17 және U15 санаттары бойынша жасөспірімдер арасында триатлоннан Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 21 елден 114 спортшы қатысты, деп хабарлайды El.kz.

Турнирде Қазақстанның намысын жеті жас атлет қорғады: Нұрмұхамет Алуа, Шнейдер Калерия, Аида Ким, Шевченко Арсений, Мұрат Әлхам, Шевнин Матвей және Сейтбек Ералы.

Жарыс нәтижелері төмендегідей:

U15 қыздар

  • 1-орын – Нұрмұхамет Алуа (29:19)
  • 2-орын – Шнейдер Калерия (29:22)

Жасөспірім қыздар

  • 9-орын – Аида Ким (30:52)

U15 ұлдар

  • 9-орын – Сейтбек Ералы (28:25)

Жасөспірім ұлдар

  • 4-орын – Шевченко Арсений (26:57)
  • 5-орын – Мұрат Әлхам (27:02)
  • 7-орын – Шевнин Матвей (27:09)

Қазақстандық жас триатлоншылар Азия біріншілігінде сенімді өнер көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін және халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.