Қазақстандық жасөспірім Азия теннис федерациясы рейтингінде көш бастады

10 Маусым, 15:09 499

Азия теннис федерациясы 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық 15 жасар теннисші Заңғар Нұрланұлы ұпай санын 2 610-ға жеткізіп, рейтингте көш бастады.

Мамыр айында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің Азия-Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Заңғар жекелей сында алты кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Ол қарсыластарына бір де бір сет берген жоқ.

Қазіргі кезде Заңғар Нұрланұлының еншісінде ITF Junior жарыстарында жеңіп алған 4 титулы бар, соның үшеуінде жекелей, біреуінде жұптық сында қол жеткізген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: