Бурабайда өткен жасөспірімдер мен ересектер арасындағы биатл және триатлдан Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Айша Наурызбай үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жас спортшы жеке пәндер бойынша күміс және қола медаль жеңіп алып, ысонымен қатар 10 жасқа дейінгі балалар арасындағы командалық аралас жарыста екінші орын алған. Айша – Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштері теңізшісінің қызы. Бала кезінен бастап ол Отан қорғаушылардың отбасына өсіп, патриотизмді бойына сіңірген, тәртіп пен жауапкершілікті біледі.
Менің әкем – менің тәлімгерім. Ол мені бала кезімнен тәртіпті болуға, спортпен шұғылдануға үйретіп келеді. Барлық бастамаларымды қолдап, жанымнан табылады. Арманым – әлемдік аренада Қазақстанның Туын көкке желбірету, - деді Айша.
Айша бес жасынан жүзумен айналысқан. Бұл ол қатысқан бірінші халықаралық жарыс емес: 2024 жылы ол осындай чемпионатта қола медаль жеңіп алды. Оның табандылығы, спорттық рухы және жеңіске деген ұмтылысы құрбы-құрдастарына керемет үлгі.