21.11.2023
23:43
1148
Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Таиландағы турнирде табысты өнер көрсеткен Әмір Омарханов жекелей сында бірден 42 сатыға жоғары көтеріліп, 57-орынға жайғасты.

Сондай-ақ Даниал Рахматуллаев 114-ке (+2), Виталий Зацепин 154-ке (+16) шықты. Ерасыл Ерділдә – 234, Ілияс Маратұлы – 244, Заңғар Нұрланұлы 331-сатыда тұр.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанова көрсеткішін едәуір жақсартып, 85-тен 66-ға жоғарылады. Айя Нұпбай – 204, Полина Слепцова 230-орында келеді.