Қазақстандық жас теннисші Бакуде өткен турнирде абсолютті чемпион атанды

29 Мамыр 2023, 16:30 707

Баку қаласында Гейдар Алиевті еске алуға арналған 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Жақас Қозыбақ ITF Juniors турнирінің абсолютті чемпион атанды.

Жақас финалда отандасы Виталий Зацепинді жеңді – 6:3, 3:0. Екінші партия барысында жарақат алған Виталий бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Ж.Қозыбақ жұптық сында В.Зацепинмен бірге түрік теннисшілері Бедир мен Бейбелиден басым түсті – 6:2, 6:2.

Равиль Ашығали
Бөлісу: