22.08.2023
17:13
1522
Қазақстандық жас теннисші әлемдік рейтингте бірден 87 сатыға жоғарылады

Қазақстандық жас теннисші әлемдік рейтингте бірден 87 сатыға жоғарылады

Әйелдердің теннис қауымдастығы (WTA) спортшылардың жеке және жұптық сындағы рейтингілерінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 4-позицияда қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еске салсақ, өткен аптада Рыбакина Цинциннати (АҚШ) турнирінде өнер көрсеткен болатын. Алайда 1/8 финалда жарақатына байланысты ойынды жалғастырудан бас тартты. Юлия Путинцева бұрынғыша 79-орында тұр.

Ал 18 жастағы Аружан Сағандықованың рейтингі бара-бара жақсарып келеді. Екі апта бұрын ол 1056-позициядан тұрған еді. Өткен аптада 958-орынға көтерілсе, қазір 871-позицияда орналасқан. Жұптық сында Анна Данилина екі позициясын жоғалтып, 28-інші болды. Ал Жібек Құламбаева 178-орында тұр.