19.11.2025
21:17
3414
Қазақстандық жас өнерпаз «Голос. Дети» байқауының финалына өтті

Қазақстандық жас өнерпаз «Голос. Дети» байқауының финалына өтті

«Жас сарбаз» шығармашылық студиясының 12 жастағы әншісі Жасмина Түзелова Ресейдің «Голос. Дети» жобасының 12-маусымында финалға өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Белгілі болғандай, Жасмина байқаудағы өнерін көрмей тыңдау кезеңінен бастаған. Алғашқы әнін орындаған сәтте-ақ үш бірдей жетекшінің назарын аударған.

Қазақстанды үлкен сахнада таныстыру – мен үшін зор мәртебе. Әр әнімді жүрегіммен орындаймын, адамдар менің Отанға деген махаббатымды сезінсе екен деймін, – деді жас әнші.

12 жастағы алматылық өнерпаз Ауған соғысының ардагері Мұратбек Өтеевтің отбасында дүниеге келген. Вокалмен бес жасынан бері айналысады.

Жасына қарамастан, Жасминаның бірқатар байқауда бақ сынап үлгерген.

8 жасында ұлттық «Бала дауысы» байқауының Гран-при жүлдесін иеленді.

2023 жылы халықаралық «Детская Новая волна» фестивалінің финалында өнер көрсетті.

2025 жылы ҚР Орталық әскери оркестрі және Орталық ансамбльмен бірге Мәскеудегі «Спасская башня» XVII Халықаралық әскери-музыкалық фестиваліне қатысып, Қызыл алаңда аңызға айналған «Әлия» әнін орындады.

Айта кетейік, «Голос. Дети» шоуының 12-маусымы 2025 жылғы 5 қыркүйекте басталды. Жобадағы қазылар алқасы – Дима Билан, Владимир Пресняков, Аида Гарифуллина және Наталья Подольская. Жүргізушісі – Яна Чурикова.