04.09.2024
21:39
951
Қазақстандық жас балуан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық жас балуан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Понтеведреде (Испания) өтіп жатқан күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржыны тағы бір қола медальмен толықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түскен Оңдасын Хамитов әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Медаль үшін өткен белдесуде Оңдасын жапониядық Кохау Каназаваны 9:0 есебімен ұтты. 

Чемпионат аясында қазақстандық балуан Қырғызстан, Мексика және Венгрия балуандарын жеңіп, жартылай финалда түркиялық қарсыласынан 8:9 есебімен ғана жол берген болатын. 

Айта кетелік, кешегі жарыс күнінде Айбек Айтбеков (55 келі) пен Темірлан Тұрдақын (87 келі) қола медаль еншілеген болатын.