Қазақстандық велоспортшы Азия чемпионатында топ жарды

12 Маусым, 05:26 656

Алматы қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 дейінгі қыздар арасындағы 112,6 шақырым болатын топтық жарыста ұлттық құрама спортшылары қос жүлде жеңіп алды. Отандасымыз Ақпейіл Өсім мәре сызығын 2:56:51 уақыт көрсеткішімен бірінші болып кесіп өтсе, Елизавета Склярова қола медаль иеленді. Күміс индонезиялық Девика Соваға бұйырды.

Аталмыш додада жеңіске жеткен велошабандоздар Қазақстан намысын абыроймен қорғап, намысты қолдан бермейтінін жеткізді.

Бірінші келгеніме әлі де сене алмай тұрмын. Жарыс барысында қарсыластармен ғана емес, ыстық ауа-райымен де күресуге мәжбүр болдық. Бірақ, сонда да жеңілмеуге тырыстық. Мақсатымызға қол жеткіздік, қуаныштымын, - деді Ақпейіл Өсім.

Азия чемпионаты 12 маусымда аяқталады.

Перизат Саденова
Бөлісу: