Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында топ жарды

25 Қазан 2022, 05:16 934

Спортшылар жеті бірдей медаль жеңіп алды

Қазақстандық велошабандоздар Оңтүстік Кореяның Сунчхон қаласында өткен маунтинбайктан Азия чемпионатында жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Спортшылар жеті бірдей медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz.
"Алтын":
 
Алина Сарқұлова — әйелдер арасындағы маунтинбайктен тұңғыш Азия чемпионы ("элита" санаты);
 
Денис Сергиенко, Алексей Фефелов, Егор Карасев, Алина Саркулова и Темирлан Мухамедиянов — эстафета;
 
Алина Спирина — кросс-кантри олимпик;
"Күміс":
 
Виолетта Казакова — "элита" санаты бойынша әйелдер арасыдағы маунтинбайк;
 
Виолетта Казакова — кросс-кантри олимпик;
 
Денис Сергиенко — кросс-кантри олимпик; "Қола": - Алина Сарқұлова — кросс-кантри олимпик.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орында – Жапония (6 медаль), ал Оңтүстік Кореяның велошабандоздары (5 медаль) үшінші орынды қанағат тұтты.
Бөлісу: