Қазақстандық үшінші боксшы Азия чемпионатында топ жарды

10 Желтоқсан, 15:16 517

Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы финалдық бәсекеде үшінші отандасымыз өнер көрсетіп, үшінші алтынды қоржынға салды.

70 келідегі Наталья Богданова финалда шаршы алаңның қожайыны Бейсон Маниконмен жұдырықтасып, бір бас жоғары екенін дәлелдей білді.

Бұған дейін 60 келідегі Виктория Графеева мен 63 келідегі Аида Әбікеева сары құрлықта топ жарды. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: