08.06.2023
11:13
1511
Қазақстандық туристер арасында ең танымал елдер аталды

Қазақстандық туристер арасында ең танымал елдер аталды

2023 жылғы бес айда қазақстандық туристер ең көп барған елдер анықталды,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, отандық туристер арасында ең танымал бағыт – Біріккен Араб Әмірліктері.

Сонан соң Таиланд, Египет, Түркия бар. Сонымен қатар соңғы уақытта жаңа бағыт – Вьетнамға да қазақстандықтар жиі баратын болған.

«Туристік Қамқор» қазақстандық туристер барған ең танымал бағыттардың тізімін жасады:

БАӘ-ге 71 285 қазақстандық барған;

Таиланд – 68 298 адам;

Египет – 67 407;

Түркия – 33 032;

Вьетнам – 25 697;

Үндістан – 6015;

Мальдив аралдары – 3120;

Катар – 2346 турист.

Министрлік осы уақыт аралығында шетелде 280 748 қазақстандық турист демалып келгенін айтты.