23.10.2025
09:35
526
Қазақстандық триатлоншы Бахрейндегі Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық триатлоншы Бахрейндегі Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды

Триатлоннан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Рамазан Айнегов Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жарыс «суперспринт» бағдарламасы бойынша өтті.

Қазақстан намысын екі спортшы қорғады. Нәтижесінде Рамазан Айнегов екінші болып мәре сызығын кесті. Ал Артем Бедрин жетінші орын алды.

Жарыс жеңімпазы - қытайлық Ли Янсон, оңтүстіккореялық Ву Хён Кан үздік үштікті түйіндеді.