09.01.2025
15:16
1118
Қазақстандық теннисшілердің Аустралия ашық чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің Аустралия ашық чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Мельбурн қаласында теннистен Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, еліміздің бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда осы «Үлкен дулыға» турниріне арнайы шақырту алған 16 жастағы аустралиялық, рейтингіде 371-орында тұрған Эмерсон Джонспен сынға түседі. Бұл олардың өзара бірінші кездесуі болмақ. 

Әлемнің 25-ракеткасы Юлия Путинцеваға рейтингіде 44-сатыдағы армениялық Элина Аванесян қарсылас атанды. 

Қазақстанның ерлер арасында бірінші, әлемнің 33-ракеткасы Александр Бублик рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған аргентиналық Франсиско Серундоломен ойнайды. Бұл екеуінің бұрын бір-бірімен жолдары түйіспеген. 

Рейтингіде 72-орындағы Александр Шевченко әлемнің 3-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарасқа тап болды.