14.11.2022
13:35
1618
Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны анықталды

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингідегі орны анықталды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды El.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 37-орнын сақтап қалды.

Тимофей Скатов 141-ден 142-ге сырғыды.

Дүниежүзілік рейтингіде бұрынғыша испаниялық Карлос Алькарас көш бастап келеді. Оның отандасы Рафаэль Надаль екінші, грекиялық Стефанос Циципас үшінші сатыда.

Жұптық сында Андрей Голубев 49-дан 48-ге, Александр Недовесов 54-тен 53-ке көтерілсе, А.Бублик 165-тен 172-ге төмендеді.

Бірінші орынды 7450 ұпаймен Нидерланд өкілі Уэсли Колхоф пен британиялық Нил Скупски бөліссе, америкалық Раджив Рам үздік үштікті түйіндеп тұр.