29.07.2024
17:34
825
Қазақстандық теннисшілер Олимпиада ойындарын аяқтады

Қазақстандық теннисшілер Олимпиада ойындарын аяқтады

Париждегі Олимпиада ойындарында қазақстандық теннисшілер жарыс жолын тегіс аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біздің команда сапынан соңғы болып кортқа шыққан Александр Бублик пен Александр Недовесов жұптық сында жеңіліп қалды.

Олар Бразилия командасына қарсы ойнап, 4:6, 4:6 есебімен қарсыласқа жол берді. 

Айта кетейік, жігіттер жекелей сында да алғашқы айналымнан аса алмады. Ал еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Олимпиадаға қатысудан бас тартты.