Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте жоғарылады

17 Сәуір 2023, 21:08 1350

Қазақстанның ұлттық әйелдер теннис командасы Billie Jean King Cup жаңартылған рейтингінде 10-шы орыннан жетінші орынға көтерілді. Бұл ұлттық әйелдер командасы тарихындағы ең жоғары позиция, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан құрамасы Италия, АҚШ, Германия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания сияқты командаларды басып озды.

Қазақстандықтар командалық әлем чемпионаты іріктеуінде Польшаны 3:1 есебімен жеңіп, биыл қарашада өтетін турнирдің ақтық раундына шықты.

Әлем рейтингінде Швейцария құрамасы көш бастап тұр.

EL.KZ
Бөлісу: