22.09.2025
13:16
608
Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ширек финалда ол чехиялық теннисші Далибор Сврчинаны жеңді.

Кездесу 6:1, 6:1 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.

Жартылай финалда қазақстандық спортшы қытайлық Ву Ибинмен кездеседі.