Қазақстандық, әлемнің 829-ракеткасы Аружан Сағындықова Монастир (Тунис) ITF W15 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген 18 жастағы қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 880-орында тұрған литвалық Андре Лукошютемен сынға түсті.
Бірінші партияда Аружан қарсыласына есе жіберді – 1:6. Дегенмен содан кейін таразы басын өзіне аудара білді – 6:3, 6:1.
Қазақстандық теннисші финалда рейтингте 1253-сатыдағы үндістандық Вайшнави Адкармен чемпиондық атақ үшін таласады.