Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, жасөспірімдердің әлемдік рейтингісінде 19-орында тұрған Әмір Омарханов бірінші санаттағы Мерида (Мексика) ITF Juniors J500 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық теннисші ширек финалда жасөспірімдер арасында әлемнің 49-ракеткасы америкалық Бенджамин Вилаерттің мысын басты.
Екі сет те 6:3, 6:3 есебімен Әмірдің пайдасына шешілді.
Амир финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 28-ракеткасы франциялық Томас Фурелмен таласады.