30.04.2025
14:12
1129
Қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирдің ширек финалынан тыс қалды

Қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирдің ширек финалынан тыс қалды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мадридте (Испания) өтіп жатқан «Мастерс» сериясындағы турнирдің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

1/8 финалда қазақстандық спортшы чехиялық Якуб Меншикпен кездесті.

Матч екі сетке созылды. Нәтижесінде Меншик 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Бублик аталмыш турнирдің үшінші айналымында әлемнің сегізінші ракеткасы ресейлік Андрей Рублёвті жеңген болатын.