13.10.2023
21:33
985
Қазақстандық теннисші Гонконгтегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Гонконгтегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Гонконгтегі турнирдің жұптық сынында екінші матчын өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресейлік спортшы Александра Пановамен жұп құрған жерлесіміз ресейлік дуэт Софья Лансере — Камилла Рахимовадан екі сет қорытындысы бойынша басым түсті – 6:3, 7:6.

Кездесу бір сағат 26 минутқа созылды. Бұл кездесу турнирдің ширек финалы аясында өтті.

Естеріңізде болса, жерлесіміз фин Харри Хелиоваармен жұпта АҚШ Ашық біріншілігінде (US Open) чемпион атанды.

Анна – жұптық сында әлемнің 32-ші, ал еліміздің бірінші ракеткасы.