22.05.2023
01:20
1074
Қазақстандық теннисші АҚШ-та топ жарды

Қазақстандық теннисші АҚШ-та топ жарды

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко АҚШ-та өткен Пенсакола ITF M25 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемнің 419-ракеткасы Д. Попконың жарыс барысындағы бес кездесуінде де асығы алшысынан түсті.

Доданың төртінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингте 923-орында тұрған америкалық Эйден Киммен бақ сынасты.

Дмитрий Попко 6:1, 6:4 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Біршама тартысты өткен бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды.