15.09.2025
16:16
348
Қазақстандық теннисші алғаш рет WTA деңгейдегі турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші алғаш рет WTA деңгейдегі турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Хучжоу қаласында өткен WTA 125 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жібек финалда словениялық Вероника Эрьявецпен жұптасып, жапондық Аяно Шимицу/Момоко Кобориді 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Бұл 25 жастағы Жібектің WTA турнирлеріндегі жұптық сайыстағы алғашқы жеңісі болды. Бұған дейін ол ITF турнирлерінде 35 рет жеңіске жеткен.