05.02.2024
14:30
964
Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекорд жаңартты

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте рекорд жаңартты

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (АТР) жекелей және жұптық сында теннисшілердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы үштік өзгеріссіз: серб Новак Джокович, испаниялық Карлос Алькарас, ресейлік Даниил Медведев.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 27-орыннан 23-орынға көтеріліп, рейтингте өз рекордын жаңартты. Жақында ғана еліміздің азаматтығын алған Александр Шевченко үш саты жоғарылап, 56-орынға тұрақтады. Денис Евсеев – 177-ші, Бейбіт Жұқаев 191-орында тұр.

Жұптық сында Рохан Бопанна (Үндістан), Мэттью Эбден (Австралия) және Остин Крайчек (АҚШ) көш басында келеді.

Отандық теннисші Александр Недовесов – 48-ші, Андрей Голубев 63-орынға жайғасты.