Қазақстандық танымал стендапер 10 тәулікке қамалды

26 Шілде, 10:17 736

Астана соты қазақстандық стендапер Александр Меркульге қатысты істі қарады (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-тармағы), деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Меркуль өзінің Instagram-дағы парақшасы мен YouTube-та қоғамдық орында өнер көрсеткен видеосын жариялады. Оған бейәдеп сөз қолданып, «қоғамға құрметсіздік көрсетті» деген айып тағылды.

Сотта Меркуль кінәсін мойындап, айыппұл тағайындауды сұрады.

Сот Меркульге оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, 10 күндік әкімшілік қамауға алуды тағайындады.

Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: