Қазақстандық танымал спортшылар жол апатынан қаза тапты

Қазақстандық танымал спортшылар жол апатынан қаза тапты

Алматы - Бішкек тас жолында ірі жол-көлік оқиғасы болып, Қазақстан спортындағы бірнеше ардагер ажал құшты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қайғылы жағдай туралы ақпарат ресми түрде расталды.

Алдын ала деректерге сәйкес, Honda Odyssey көлігі HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. Қатты соққы салдарынан жеті адам оқиға орнында көз жұмған.

Кейін ҚР Ұлттық сурдлимпиада комитеті вице-президенті, «Жалпы жол» жол қауіпсіздігі ассоциациясының басшысы Арсен Шакуов қаза тапқан болуы мүмкін адамдардың тізімін жариялады. Қаза тапқандардың барлығы Қазақстандағы саңырау спортын дамытуға үлкен үлес қосқан тұлғалар.

Қаза болғандардың арасында:

  • Асыл Ибраимов - саңырау спортшылар арасындағы футболдан бапкер;
  • Дмитрий Мочальский - саңыраулар арасындағы Еуропа чемпионы, Сурдлимпиада жеңімпазы (шахмат);
  • Смағұлов Сәкен - Қазақстанның саңыраулар футбол құрамасының ардагері;
  • Сергей Волковинский - ұлттық команда ойыншысы, ардагер;
  • Серік Молдашев - қазақстанның саңыраулар футбол құрамасының ардагері.