518.07
595.21
6.37

Қазақстандық танымал балуан сауда үйінде ер адамды соққыға жықты

instagram.com/kebispayev67
18 Қыркүйек 2023, 11:55 1220

Грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы Алмат Кебіспаев Алматыдағы сауда, ойын-сауық орталықтарының бірінде ер адамды ұрды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, оқиға 6 қыркүйекте болған. Бұл күні жәбірленушінің қызы туған күнін атап өтіп жатқан, ал балалар ойнап жүрген. Сол сәтте әйел «балаларымызды ренжітті» деп жәбірленушінің балаларына шағымданған. Сонан соң екі жігіт келіп, спортшы ер азаматты жұдырықпен ұрды.

Жәбірленуші полицияға арыз түсірген. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: