Қазақстандық тағы бір зілтемірші өз-өзіне қол жұмсады

27 Маусым 2023, 11:00 1256

2008 жылғы Бейжің олимпиадасының қатысушысы, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы Владимир Седов 2016 жылы допингпен ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осыған байланысты 2019 жылы ауыр атлеттің 2008 және 2016 жылдар аралығындағы барлық жетістігі жоққа шығарылды.

2016 жылы Седов Қазақстан чемпионатында дау шығарды. Көп ұзамай сол кездегі бас бапкер Алексей Ни мен Илья Ильинді айыптады.

Өкінішке қарай, бұл ауыр атлетикадағы бірінші қайғылы жайт емес. 2021 жылы Альберт Линдер өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Линдердің жасы небәрі 25-те болды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: