11-13 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында World Taekwondo Diamond Game 2025 халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернер порталы.
Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, турнир G-4 санатына жатады және Дүниежүзілік таеквондо федерациясының ресми күнтізбесіне енгізілген. Бұл жарыс спортшыларға рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік береді.
Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсететін спортшылардың тізімі төмендегідей:
57 келіге дейін: Қанат Альмира
67 келіге дейін: Аяулым Асқар, Аида Тәукенова
68 келіге дейін: Нұрбек Ғазез
80 келіге дейін: Ергеш Бекасыл
Командалық және аралас командалық сайыста сынға түсетіндер: Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймұқашева, Аида Таукенова.