22.09.2025
18:19
565
Қазақстандық таеквондошы Польшадағы турнирде күміс жүлдегер атанды

Қазақстандық таеквондошы Польшадағы турнирде күміс жүлдегер атанды

Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Нодира Ахмедова Польшада өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

49 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Ахмедова Болгария спортшысы Александра Георгиеваны 2:1 есебімен ұтты.

Ал шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшы Испания өкілі Виолетта Аррибастан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Ахмедова күміс медаль иеленді.