Қазақстандық студенттердің шәкіртақысы қалай өседі

19 Сәуір 2023, 15:36 915

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі студенттерге мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары мен олардың мөлшерлерін бекітті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Тиісті құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Шәкіртақы көлемі:

* даярлаудың педагогикалық бағыттарында және "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 41898 (қырық бір мың сегіз жүз тоқсан сегіз) теңге;

* жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың педагогикалық бағыттарында білім алатын студенттерге – 67200 (алпыс жеті мың екі жүз) теңге;

* жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67200 (алпыс жеті мың екі жүз) теңге;

* интерндерге – 75890 (жетпіс бес мың сегіз жүз тоқсан) теңге;

* магистранттарға – 97024 (тоқсан жеті мың жиырма төрт) теңге;

* "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 181 250 (жүз сексен бір мың екі жүз елу) теңге;

* докторанттарға – 217500 (екі жүз он жеті мың бес жүз) тенге;

* даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша докторанттарға –

* 217500 (екі жүз он жеті мың бес жүз) теңге;

* даярлаудың "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111579 (жүз он бір мың бес жүз жетпіс тоғыз) теңге;

* мемлекеттік органдардан оқуға жіберілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттарына соңғы жұмыс орны бойынша лауазымдық айлықақысының деңгейінде, бірақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын магистранттар үшін белгіленген мемлекеттік стипендияның мөлшерінен төмен емес;

* техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32681 (отыз екі мың алты жүз сексен бір) теңге.

* Техникалық және кәсіптік (орта буын мамандарын даярлауды көздейтін), орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттердің мемлекеттік стипендиясы – 31422 (отыз бір мың төрт жүз жиырма екі) теңге.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: