Қазақстандық студенттер шетел кәсіпорындарында тәжірбие өтіп жүр

26 Шілде 2023, 01:26 831

Торайғыров университетінің агрономдары мен биологтары шетелде тәжірибеден өтуде, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде Польша, Түркия, Германия және Чехия кәсіпорындарында жүр. 

Өндірістік тәжірибе PrimаVega ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіретін және өндіретін ірі инновациялық компаниясында өтіп жатыр (Польша). Осындай мүмкіндік Ломжедегі Қолданбағы Ғылымдар Халықаралық Академиясымен жасалған келісімшарт шеңберінде туды. 

Студенттер «Green Holding» компаниясында ауыл шаруашылығы өнімдерін қаптау, өсіру, суару, жинау бойынша тәжірибелерін молайтады. Бұл – Еуропада ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін жетекші холдинг. 

Айта кетейік, Павлодар облысы аграрлы аймақ болып табылады. Өңірге заманауи және техникалық тұрғыдан дамыған кәсіпорындарда тәжірибеден өткен кәсіби мамандар керек. Студенттер тәжірибеден өткен мерзім еңбек өтілі ретінде есептеледі. 

Перизат Саденова
Бөлісу: