Қазақстандық студент ресейлік әскери компаниямен келісім жасасқан - СІМ

20 Сәуір 2023, 18:05 935

Ресейде білім алып жатқан қазақстандық студент өз еркімен жеке әскери компаниямен келісімшартқа отырған. Бүгінде ақпардың қаншалықты рас екені анықталып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қолда бар мәліметке сәйкес, аталған Қазақстан азаматы ЧВК Вагнер (ресейлік мемлекеттік емес қарулы құрылым) жеке әскери компаниясымен өз еркімен келісімшартқа отырған. Мәскеудегі Қазақстан Республикасының елшілігі жас жігіттің туыстарының өтініші бойынша Ресей Федерациясының құзыретті органдарына сауал жолдады. Ақпарат тексеріліп жатыр. Консул студенттің туыстарымен тұрақты байланыста, - деді Айбек Смадияров.

Еске салсақ, бұған дейін БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде Ресейдің Томбы мемлекеттік университетінде оқып жатқан 23 жасар қазақстандық студенттің із-түссіз кеткені жайлы ақпарат тараған еді.

EL.KZ
Бөлісу: