14.10.2024
15:00
1370
Қазақстандық спортшылар осы аптада қандай жарыстарға қатысады

Қазақстандық спортшылар осы аптада қандай жарыстарға қатысады

Туризм және спорт министрлігінің қазақстандық спортшылардың осы аптада қандай жарыстарға қатысатынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

13-20 қазан – Халықаралық тоғызқұмалақ турнирі

Халықаралық жарыс Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында өтеді. Турнирге алты елден (Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай және Моңғолия) 70-80 спортшы қатысады. Бұл сында ел намысын Артур Амантаев, Сымбат Нұрғалиева, Жанар Тұрмағамбетова және Бақыт Құдайбергенова қорғайды.

Өтетін орны: Баян-Өлгей аймағы

Уақыты: күн сайын 9:00-ден 18: 00-ге дейін

Кіру: тегін

__________________________________

13-20 қазан – Almaty Open (ATP 250)

Алматыда теннистен ерлер арасындағы АТР 250 Almaty Open турнирі өтеді. Бәсекеге Фрэнсис Тиафо, Себастьян Корда және Александр Бублик сияқты танымал теннисшілер қатысады.

Іріктеу матчтары: 13-14 қазан

Негізгі турнир: 14-17 қазан

Жартылай финал: 18-19 қазан

Финал: 20 қазан

Турнирдің ресми ашылу салтанаты: 15 қазан сағат 18:00-де Димаш Құдайбергеннің қатысуымен өтеді

Өтетін орны: Almaty Arena, Алматы қ.

Уақыты: Күн сайын 10:00-ден 20:00-ге дейін

Кіру: 3000 теңгеден басталады

__________________________________

15 қазан – футбол: Қазақстан U21 – Шотландия U21

Футболдан U21 құрамалары арасында Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі. В тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан жастар құрамасы Шотландиямен кездеседі.

Өтетін орны: Орталық стадион, Алматы қ., Абай даңғылы, 48

Уақыты: 21:00

Қосымша: 5 жасқа дейінгі балаларға кіру тегін

__________________________________

19 қазан – Almaty Open аясында арбадағы теннистен көрме матчы

Турнирде қазақстандық спортшылардан Дінмұхамед Әлиакпаров, Айжан Бүтімбаева, Айшуақ Жетпісова және Дастан Ниязов өнер көрсетеді.

Өтетін орны: ADK теннис орталығы, Алматы қ.

Уақыты: 11:00-ден 13:00-ге дейін

Кіру: тегін

__________________________________

15-22 қазан – пара жеңіл атлетикадан ҚР чемпионаты

Алматы облысында пара жеңіл атлетикадан ересектер арасындағы ел біріншілігі өтеді. Жарысқа еліміздің 18 өңірінен 300 спортшы қатысады.

Өтетін орны: «Жетісу» стадионы, Алматы облысы

Уақыты: Күн сайын 10:00-ден 18:00-ге дейін

Кіру: тегін

__________________________________

19 қазан – «Қайрат — Тұран» матчы

Қазақстан Премьер-лигасының 23-тур аясында Алматыдағы Орталық стадионда «Қайрат» пен «Тұран» командалары кездеседі.

Өтетін орны: Орталық стадион, Алматы қ.

Уақыты: 17:00

Кіру: 700 теңгеден бастап