25-30 қазан аралығында Бергамо қаласында (Италия) пара-каратэден әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 16 елдің спортшылары қатысты, деп хабарлайды El.kz Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын Ләззат Жүсіпова мен Дидар Мұхамеджанов қорғады.
Спортшылар «Ката» санаты бойынша сәтті өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды.
1 орын – Ләззат Жүсіпова (көру қабілеті бұзылған спортшылар санаты);
1 орын – Дидар Мұхамеджанов (тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар санаты).