Қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасына жолдама алды

23 Маусым, 12:07 394

Қазақстан Париж Олимпиадасына тағы бір жолдама иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Будапештте өткен спорттық құзға өрмелеу бойынша олимпиадалық іріктеу сериясында қазақстандық Әмір Маймұратов финалдық раундта екінші орын алды. Бұл нәтиже оған Парижге жолдама ұтып алуға мүмкіндік сыйлады.

Естеріңізге сала кетейік, Маймұратов таяуда ғана 15 метрлік биіктікке өрмелеп Қазақстанның рекордын орнатқан болатын.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: