Қазақстандық спорт жұлдыздары Астанадағы референдумда дауыс берді

6 Қазан, 15:28 407

Бүгін Астанада танымал спортшылар сайлау учаскелерінде дауыс беруге белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бокстан Олимпиада чемпионы және еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиев №165 сайлау учаскесінде дауыс берді, ауыр атлетикадан аты аңызға айналған спортшы Илья Ильин №88 учаскеге барды, сондай-ақ елордалық спортшы, ММА жаттықтырушысы Василий Тахтай №336 учаскеде өз таңдауын жасады.

Сондай-ақ референдумға Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ерғали Шамей және жүзуден Паралимпиада ойындарының қатысушысы Сиязбек Далиев қатысады.

Сонымен қатар джиу-джитсудан Жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері Галина Дуванова дауыс берді. Қазақстанның белгілі спорт өкілдерінің қатысуы референдумның маңыздылығын және спорт қоғамының белсенділігін көрсетеді.

Мен дауыс бердім және әрбір қазақстандық өзінің жеке сеніміне сүйене отырып шешім қабылдауға міндетті деп санаймын. Әрбір дауыс маңызды және біздің отандастарымыз болашағымыз үшін осы маңызды мәселеде белсенділік пен жауапкершілік танытатынына сенімдімін, - деді Ерғали Шамей.

Естеріңізге сала кетейік, таңертеңнен бастап Астанада сайлау учаскелері жұмыс істей бастады. Барлық учаскелерде елорда тұрғындарының белсенділігі байқалады. Таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап Астанада 460 учаске жұмыс істейді, оның 352-сі ашық, 34-і жабық, 74-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: