Қазақстандық шенеуніктер Өзбекстанда «Достық» орденімен марапатталды

26 Тамыз, 17:22 808

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның бірқатар шенеунігін «Дустлик» («Достық») орденімен марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марапатталғандар арасында вице-премьер Серік Жұманғарин мен мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бар.

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы өзара сыйластық, сенім, тату көршілік және стратегиялық әріптестік қатынастарын жаңа деңгейге шығаруға қосқан жеке үлесі үшін марапатталды, - делінген Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінде.

Сонымен қатар мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, президент кеңесшісі Руслан Желдібай, Қазақстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов пен ҚР «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктері қауымдастығының басшысы Икрам Хашимжанов марапатталған.

Естеріңізде болса, Өзбекстан президенті Астанаға келген сапарында «Алтын қыран» орденімен марапатталған еді.

«Алтын Қыран» – Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежедегі ерекшелік белгісі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: