Қазақстандық шаруалар зиянкестермен күресті қытайлық әріптестерінен үйренбек

18 Қаңтар, 15:01 779

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек бастаған қазақстандық делегация 17 қаңтарда Цзянсу (ҚХР) провинциясының Сучжоу қаласында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ басшы орынбасары Тан Сяодунмен келіссөздер барысында Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық технологияларды пайдалану және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Қытайлық әріптестердің шақыруы бойынша қазақстандық делегация жасанды интеллектті қолдану технологиясын пайдалана отырып, зиянкестерге, өсімдіктер ауруларына және арамшөптерге қарсы мониторинг , қорғау іс-шараларын жүргізуге арналған ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруге маманданған «Eavision Robotic Technologies» компаниясының Сучжоу индустриялық паркі мен құрастыру алаңына барды. «Eavision Robotic Technologies» компаниясының иректоры Xinyu Wang кездесу аясында тараптар Қазақстан аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарын (агродрондарды) өндіруді оқшаулау перспективаларын талқылады. Олар Ресейде және Орталық Азия елдерінде осындай өндірістердің болмауына байланысты жобаны іске асырудың бірегейлігін атап өтті.

Қазақстандық делегация қытайлық әріптестерімен аталған бастаманы іске асыру жөніндегі Жол картасын әзірлеу, Қазақстанда инвестор компаниясының өкілдігін тіркеу қажеттілігі, өндірісті және әлеуетті өткізу нарықтарын, оның ішінде таяу шет елдерде оқшаулау орнын айқындау туралы уағдаласты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында өсімдіктерді қорғау үшін зияткерлік дрондарды енгізу саласындағы техникалық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: