Қазақстандық сарбаздар енді борышын жақын аудандарда өтей алады

29 Қазан 2023, 19:09 997

Енді әскерге шақырылушылар қай жерде қызмет ету керектігін таңдау құқығына ие болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтар енді көрші аудандарда әскери борышын өтей алады. Мысалы, Павлодар облысының әскерге шақырылушылары Өскеменде немесе Семейде қызмет ете алады.

Яғни әскерлерді жеке құраммен толықтыру әскери бөлімдер мен құрамалар орналасқан (қалыптасқан) аудандардан тыс тұратын әскерге шақыру контингенттері есебінен жүзеге асырылады. Бірақ биыл қараша мен желтоқсан айлары аралығында және Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы жасақталған кезде ғана эксаумақтылық қағидаты өз саласының құзыретінде болады, - делінген баспасөз хабарламасында.

Осылайша әскерилер әскерге шақырылушылар мен олардың ата-аналарының пікірлерін ескерді.

Перизат Саденова
Бөлісу: