Қазақстандық сарапшылар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің гендерлік теңдік семинарына қатысты

5 Шілде, 18:38 580

Венада Орталық Азия елдерінің өкілдері үшін «Әйел, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібін және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1325 қарарын іске асыру тақырыбы бойынша аймақтық сараптамалық семинар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сарапшылары ұлттық іс-қимыл жоспарларын әзірлеу және жетілдіру саласындағы озық әлемдік тәжірибелер туралы білуге мүмкіндік алды.

Жоспар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жанжалдардың алдын алуға және реттеуге, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ақпараттандыруды арттыруға және әйелдерді қорғау мәселелерінде азаматтық қоғаммен өзара байланысты күшейтуге әйелдердің тең құқылы және жан-жақты қатысуы қабылдаған қарарларды іске асыруға мүмкіндік береді. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: