13.08.2023
17:28
1536
Қазақстандық самбошылар ТМД ойындарына үздік нәтижеге қол жеткізді

Қазақстандық самбошылар ТМД ойындарына үздік нәтижеге қол жеткізді

Беларусь елінде өтіп жатқан ТМД елдерінің ойындарында ел құрамасынан самбошылар мен каратэшілер жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Еліміздің спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінде, самбо бойынша жарыс Жлобин қаласында өткен.

Жарыстың алғашқы күні самбодан ел құрамасы құрамасы 2 алтын және 3 қола жүлде еншіледі. Отандастарымыз Жасұлан Нариманов (58 келі) пен Арнұр Қуатай (71 келі) өз салмағында үздік шықты.

Бұдан бөлек, Еламан Қойшыбаев (88 келі), Айжан Жылқыбаева (50 келі), Шынар Абатова (72 келі) қола жүлдеге қол созды.