Қазақстандық самбошылар әлем чемпионатынан екі жүлде иеленді

11 Қараша 2023, 09:45 666

Армения астанасы Ереван қаласында самбодан өтіп жатқан әлем чемпиоатының алғашқы күнінде қазақстандық қос спортшы жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлем чемпионатының финалында 50 келі салмақта белдескен Маргарита Бажаева күміс медальға ие болды. Ол шешуші бәсекеде өзбек қызы Гулсевар Ураковаға есе жіберіп алды. Отандасымыз Маргарита былтыр да әлем біріншілігіне қатысып, 5-орынға тұрақтаған еді.

Ал 54 келі салмақтағы Гүлдана Әлмұхамбетова қола жүлде үшін өткен белдесуде былтырғы әлем чемпионы Алена Купаваны (Беларусь) жеңіп, 3-орынға ие болды

Әлем чемпионатының алғашқы күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында әзірше 1 күміс және 1 қола жүлде бар.

 

Асқар Таудай
Бөлісу: